Қазалы ауданында бүкіләлемдік туризм күні мерекесі қарсаңында балық аулау жарысы өтті.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолы бойындағы «Қашқан су» көлінде өткен жарысқа қазалылықтармен қатар, Алматы, Қызылорда қаласы және бірқатар аудандардан да азаматтар келіп, бақтарын сынады.

Жарыстың қорытындысы бойынша Әйтеке би кентінің тұрғыны Ринат Омаров жеңімпаз атанып, бағалы сыйлыққа ие болды. Ал, екінші, үшінші орындарды Еділ Нұрғабыл мен Жанас Әбдімұрат өзара бөлісті. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар «Жас балықшы», «Тәжірибелі балықшы», «Ең бірінші ұсталған балық» және «Ең ірі балық ұстаушы» номинацияларымен марапатталды. Алматы қаласынан арнайы келіп қатысқан азаматқа да ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар табыстады.

Жарысқа қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков құттықтап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттады.

Номинацияға ие болғандарды «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаттары Ерболат Мұқашов пен Райымбек Бөлебаевтар құттықтап, марапаттады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!