Қызылорда қаласындағы бірнеше мөлтек ауданда ауыз су уақытша тоқтайды. 

2023 жылдың 30 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап 31 наурыз күнгі таңғы сағат 04:00-ге дейін «Арай» тұрғын ауданы мен қаланың Сол жағалауындағы тұрғын ауданына беріліп отырған ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында «Арай» су алу құрылымының таза су жинау резервуарларына  және «Арай» тұрғын ауданының, қаланың Сол жағалауындағы және Набережная, Демесінов көшелеріндегі ауыз су жүйелеріне жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған тұрғын аумақтарда 30 наурыз күні сағат 21:00-ден сағат 23:00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып, хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелер 31 наурыз күні сағат 06:00-ден бастап хлордың иісі толық жойылғанға дейін суды ағызуға жауапты кісілерді бекіту қажет. Аталған тұрғын аумақтардағы көп қабатты тұрғын үйлерінің пәтерлер иелері кооперативтері мен көп қабатты тұрғын үйлерге жауапты мекемелер өжіре ішіндегі таратушы ауыз су құбырынан тазарту жұмыстарынан кейінгі құбыр ішіндегі шөгінді қалдықтар тазарғанша 10-15 минут ағызып жіберулеріңізді сұраймыз.

cу.png

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!