Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде өңірдегі балық шаруашылығына да тоқталды.

2030 жылға дейін кемінде 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған және 16 тор шаруашылығы құрылып, 3 жабық сумен жабдықтау құрылғысы салынатын болады.

«Балық саласы мемлекет тарапынан субсидияланған. 2020 жылы біз балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде тауарлық балық көлемі 110 есеге артып, балық өнімдерінің экспорты қазіргі 4,2 мың тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін ұлғаятын болады», – деді аймақ басшысы.

Kyzylorda-news.kz.