Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері» жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Қазқұтқару-2022» Республикалық кешенді тактикалық оқу-жаттығуына қатысуда.

5-22 қыркүйек аралығында «Қазқұтқару-2022» кешенді тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде Халықаралық азаматтық қорғау ұйымының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттерінің төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтеріне арналған мастер-тренинг өтуде.

Құтқарушылар «Темір жолдағы ТЖ», «Жол-көлік оқиғасы», «Құтқару жұмыстары», «Форт», «Лабиринт», «Химия», «Каньон» және басқа да жарыстарға қатысады.

Сондай-ақ оқу-жаттығу шеңберінде Орталық Азия мемлекеттері төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтеріне арналған тренингтер өтеді.