Әлемдік рекорд жаңарды. Француздық Prysimian компаниясы құрған халықаралық ғалымдар тобы бірядролық, бірақ көпмодалы тәсілмен ақпарат ал­ма­су­дың жаңа рекордын орнатты.

Процесс кезінде жылдамдық секундына 125 000 Гбитке тең болған. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштен 2 жарым есе көп. Талшықты-оптикалық желімен ақпарат алмасудың өткізгіш қабілеттілігі аса жоғары емес. Негізгі мәселе осында. Сондықтан ғалымдар жоғары спектрлі, тиімді әрі кең жолақты оптиканы ойлап тапты. Ол үшін 15 модтан тұратын, жабындысы 0,245, ал қабыршақ диаметрі 0,125 миллиметрлік талшықты оптика жасады. Бұл – тиісті стандартқа сай көрсеткіш.

Ғалымдардың айтуынша, жоғары жылдамдықта қаншалықты ақпарат алмасу цифрлық өнімді соншалықты өңдеуді қажет етеді. Тәжірибе барысында мамандар соңғысын едәуір төмендете алды. Ақпарат алмасу 23 шақырым қашықтықта жүргізілді. Технологияның қарқынды дамуы сала жұмысына соны серпін әкелді. Себебі, келешекте талшықты-оптика жүйесінің мүмкіндігі артып, көп талшықты технологияның енгізілуіне жол ашылуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!