2021 жылдың басында қаржы ұйымдары активтерінің жал­пы сомасы 31,17 трлн теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың желтоқ­санымен салыстырғанда 2,6%, өткен жылдың осы кезеңінен 16,3%-ға жоғары.

Еліміздегі 26 екінші деңгейлі банктердің ішінде 19 қаржы ұйымы­ның активтері айтарлықтай өсті. Оның ішінде Bank RBK көш бастап тұр. Былтыр аталған қаржы ұйымының активтері 1,5 есе өсіп, 996,6 млрд теңгені құрады. Жылдық өсім бойынша алғашқы үштікте Сбербанк 43,5% пен Kaspi Bank 29,4% бар. Сондай-ақ былтыр активтер өсімі бұдан бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары болғанын айта кеткен жөн. Мәселен, 2019 жылы екінші деңгейлі банктердің активтері – 6,2%, 2018 жылы – 4,2%, 2017 жылы керісінше төмендеген еді. Сонымен қатар сарапшылар өткен жылы көктемде басталған дағ­дарысқа қарамастан қазақстандық банктер бұған әзір болғанын айтады. Мамандар мұны 2020 жылы өткен AQR мен байланыстырып отыр. Активтер сапасын бағалау шаралары қазақстандық 14 банкті қамтыған болатын. Бұл тексерістен былтыр көш бастаған Bank RBK, Сбербанк және Kaspi Bank-те жақсы нәтижемен өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!