«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламаларында табыс шегі ұлғайтылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ай сайынғы кіріс шегі өзгертілді, деп хабарлады «Хабар 24».

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша әрбір отбасы мүшесінің ай сайынғы табысы соңғы алты айда 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (106 336 теңге, 2021 жылы 1 күнкөріс минимумы – 34 302 теңге). Бұрын 2 күнкөріс деңгейінен аспайтын.

«Шаңырақ» және «Әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату» бағыттары бойынша айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет немесе 126 917,4 теңге (бұрын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын).

Сонымен қатар «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтандағы «Елорда құрылыс компаниясы» және Алматыдағы «Күрделі құрылыс кәсіпорны» уәкілетті ұйымдары салған тұрғын үй немесе проблемалық тұрғын үй кешендеріндегі үлесті сатып алуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!