Фото: архив

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистерге берген сұқбатында доллардың теңгеге әсері жайлы түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Доллардың қымбаттауы инфляцияға, азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының көрсетілуіне әсерін тигізе ме? – деп сұрады журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен.

Менің ойымша, жоқ. Долларға шаққанда теңге 1,5-2 пайызға әлсіреді. Бұл айтарлықтай құлдырау емес. Бұл біріншіден. Екіншіден, доллар ішкі инфляцияға қалай әсер ететінін қарастырайық. Барлығын долларға сатып аламыз. Тауарды басқа курспен сатып алдық. Доллар бірден қымбаттады. Енді жоғары курспен тауарды сатып аламыз, – деді ол.

Тимур Сүлейменов бұл сұраққа нақты Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап бере алатынын қоса кетті.

Алайда олар (Ауыл шаруашылығы министрлігі – ред.) берген деректерге сәйкес, біз өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырмыз немесе соған жақынбыз. Қалған азық-түліктің бір бөлігін біз Ресей Федерациясынан жеткіземіз. Ресеймен сауда-саттық жасағанда біз 88 пайыз теңге мен рубльді пайдаланатындықтан, теңге-рубль бағамы маңызды. Сол себептен біз доллардың қымбаттауынан тікелей әсерді күтпейміз, – деп түсіндірді ол кулуарда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!