Биыл елордада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге 1 млн теңге беру ұсынылды.

Аталмыш жоба «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтында жарияланды.

Ережеге сүйенсек, бас қаланың ардагерлеріне 67 АЕК, яғни 195 439 теңге берілуі керек.

«Сонымен қатар, 2021 жылы 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек беру ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 млн теңгеден  беріледі», – делінген түсініктемеде.

Жоба ағымдағы жылдың 26 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады. 

Жоба мақұлтанса, бюджеттен 18 млн 194 мың теңге бөлінбек. Өткен жылы дәл осы мақсатта елорданың 44 ардагеріне бір миллион теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар, мүгедектік бойынша теңестірілген қарттарға 75 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 32,5 мың теңгеден берілген.

Dauletten.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!