Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» клубы күрделі қаржылық қиындыққа тап болды. Клубтың қазіргі қарызы 200 млн доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауд Арабиясының жетекші спорт басылымы Arriyadiyah-тың хабарлауынша, клуб басшылығына қаржылық жағдай реттелмейінше жаңа ойыншылармен келісімшарт жасауға тыйым салынған.

Басылым мәліметінше, «Әл-Насрдың» жалпы қарызы 800 миллион сауд риалынан (200 млн доллардан) асады. Сондықтан дағдарыстан шығудың ықтимал жолдарының бірі ретінде клубтың белгілі бір үлесін сату қарастырылып жатыр.

Әзірге клуб басшылығы бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!