Несие тарихының деректер базасына сәйкес, үш миллионға жуық қазақстандық банктерге қарыз емес екені белгілі болды.

Бірінші кредиттік бюрода қазақстандықтардың қарызы туралы, оның ішінде ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыз бойынша барлық ақпарат сақталады.

Мәселен, былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен 43 пайыз) тіркеді. Қазақстандықтар тауарды да көбірек ала бастаған. Тұтынушылық қарыз сомасы бес триллион теңгеден асады.

Сонымен қатар, бюро мәліметінше, жалпы портфельдегі ипотекаға 3 триллион теңгеден аса қаржы тиесілі. Автонесиелеу триллион теңгеден асады. Былтыр 65 пайыздан аса қазақстандық автокөліктерді пайызбен алған. Бұл ретте 3 миллионға жуық қазақстандық банктерге қарыз емес.

«Несиелерді орта есеппен бір жылға дейін алады. Бұл сома аз болса да, бөліп төлеу санын арттырды. Орташа тұтынушылық қарыз 300 мың теңгеден сәл асады. Қазақстандықтар несие алса, оны қалай қайтару керек екенін түсінуі тиіс», – деді Алматы бірінші кредиттік бюросының атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.

Несие келісімшарттарын қалай қалпына келтіруге болатынын бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваның айтып берді. Азаматтар банк алдындағы қарызын 90 күннен аса кешіктіріп төлегеннен кейін, ол 12 ай күтеді. Осы уақыт ішінде басқа несиелер кешіктірілмеуі керек. Мұндай жағдайда келісімшарт «қалпына келтірілген» деген мәртебеге ие болады. Бұл ретте банктің қарыз беруден бас тартуға құқығы бар.

«Мұндай мәртебе несие алуға кепілдік бермейді. Оның бәрі банк саясатына байланысты. Бір банк тәуекелге бара алады. Біреу, керісінше, тек сапалы клиенттерді алғысы келеді. Бүгін маған Facebook-те «қарыз кешіктіріп жабылса да, мемлекеттік бағдарлама бойынша неге несие ала алмаймын» деген сұрақ қойылды. Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары одан да қатаң. Онда кейінгі екі жылда 180 немесе 90 күннен артық ешқандай кідіріс болмауы тиіс», – деп түсіндірді Нұрғалиева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!