Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келеме? Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз.

Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін:

Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:
Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы
Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш
Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек
☝Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.

Қызмет құны – 1 АЕК (2 778 тг.)
Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде – 10 жұмыс күні.
Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!