Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.

«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы.

Орталықтың мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттеріжеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Орталық қызметкерлері жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдайді,  уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсетеді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіреді.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 156«а».  Жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Сенім телефоны 1424

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!