Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықты қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда.

Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!