Sputnik. АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық жүктен кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығынын өтеу үшін 20% мөлшерінде алым алмақ. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

«Енді АҚШ «Ормуз бұғазының қорғаушысы» болады. Алайда әлемнің осы аса тұрақсыз бөлігінің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге қажетті шығынның өтемі ретінде тасымалданатын барлық жүктің 20%-ы көлемінде өтемақы алады», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, тиісті жүйені құру үдерісі дереу басталады.

Бұған дейін Трамп Иранға қарсы теңіз блокадасын қайта бастайтынын мәлімдеген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!