Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Jas Otan» жастар қанаты «Jastar-Otanga!» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Бұл сыйлық жемісті қоғамдық қызметі үшін үздік белсенділер мен волонтерлерді марапаттау үшін тағайындалған. Негізгі мақсаты волонтерлік қызметті дамыту және танымал ету, қоғам игілігі үшін ерікті еңбек идеяларын насихаттау және жастарды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту болып табылады.

Кім қатыса алады?

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Жастар келесі номинациялар бойынша өтінім бере алады:

1. «Жылдың волонтерлік жобасы»;

2. «Үздік студенттік жоба»;

3. «Jas Otan» ЖҚ жыл белсендісі»;

4. «Жыл қаһарманы»;

5. «Үздік волонтер»;

6. «Әлеуметтік желілерде волонтерлікті насихаттағаны үшін»;

7. «Jas Otan» ЖҚ аймақтық үздік филиалы».

Өтінім беру талаптарымен осы жерден таныса аласыздар Өтінімдер 2021 жылғы 17-28 қараша аралығында JastarOtanga21@gmail.com электрондық поштасына қабылданады Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.