Синоптиктер 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C болады.

Алматыда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Түнде +25…+27°C, күндіз +37…+39°C.

Ақтөбеде ашық ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с. Түнде +27…+29°C, күндіз +40…+42°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.

Қонаевта бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.

Қызылордада ашық ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26°C, күндіз +39…+41°C.

Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +37…+39°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +38…+40°C.

Өскеменде бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!