Фото: egemen.kz

Журналист, жазушы Жылқыбай Жағыпарұлы дүниеден озды деп хабарлайды aikyn.kz ақпарат агенттігі.

Жылқыбай Жағыпарұлы 1954 жылы 11 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ педагогика институтының Тарих факультетін тәмамдаған. 

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жуық еңбек етті.

2005-2007 жылдары республикалық «Ел» газетінің бас редакторы болды. 

2007 жылдан бастап, зейнетке шыққанға дейін Egemen Qazaqstan газетінде еңбек етті. 

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Бұған дейін «Айқын» газетінде Жылқыбай Жағыпарұлының сұхбатын жариялаған болатынбыз. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!