«Nur Otan» партиясы – игілікті істердің бастаушы­сы. Бүгінде облыс, аудан, ауылдан қамтылған партия мүшелерінің сан салада үлесі бар. Оның қатарынан спортты серік еткен де, біліммен биікті бағындырған да, өз саласының шыңына көтерілген маман да кездеседі. Партияда жастардың да үлесі басым.

Жастар саясатын жүзеге асыруда ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Олардың барлығы партия мен «Жас Отан» жастар қанаты филиалының бірлесіп жасаған бағдарламасы бойынша іске асуда. Мұнда кешегі Мағжан сенген жастардың ізі бар және олар ел болашағын баянды етуге алдағы уақытта да үлес қосуын жалғастырмақ. Оның үстіне қазір жас буынға қолдау зор. Шағын және орта бизнеспен айналысуына жағдай жасалған. Араларында жеке кәсіпорын ашып, аудан экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқандары баршылық. Міне, солар – болашаққа апарар жолдың кілті. Мұнда аралдық Бақытбек Өтемұратов секілді жалынды жастардың қолтаңбасы бар. Бақытбек – спортшы, Алтын доп шебері. Жарасхан Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Білім мен білігі озық, мақсаты айқын осындай жастар барда, келешек те кемелденері анық.

Г.ІЛИЯСОВА