Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан «Жастар жырлайды» жазба ақындар айтысының ширек финалының үшінші жұбында жолыққан Шиелі ауданының ақыны Шыңғыс Құдайберген мен аралдық ақын Айбану Қалиеваның айтысын назарларыңызға ұсынамыз.


Шыңғыс Құдайберген:
Азаттық деп боп қанша арыс
құрбан
Даламнан дұшпанымды
алыс қуған.
Ассалаумағалейкум, Сырдың
елі,
Батасын аямайтын намысты
ұлдан.
Бір ұшқын жүрегіңді жылытады,
Жалынды жыр күтіңдер сан
ұшқыннан.
Коронавирус тарап кең
далама,
Карантин жағымызды
қарыстырған.
Сырдың елі сонда да
жырдың елі
Сүлейлерді онлайн
табыстырған.
Қазақтыққа келгенде
ешқашанда
Қызылорда кезің жоқ қалыс
тұрған.
Аузымен құс тістеген
жүйріктерді
Ауыздықсыз аламанда
жарыстырған.
“Ақмешіт жастарына” мың
рақмет,
Ақмешітпен айтысты
қауыштырған.
Екпінін қарсыластың
ескергенмен
Салмақты сөз шықпайды
сескенгеннен.
Айбанудай, ақ жеңгем, хәлің
қалай?
Шаруасын Тұрардайын
шешкен мерген.
Айтулы Арал жақтың ақыны
едің,
Айтарда сөз шықпаған бос
кеудеңнен.
Өрнектетіп төккейсің өлеңіңді
Қайыныңа әзіл сөзді қош
көргенмен.
Аралдың қасиетті
топырағында
Зейнолла, Бекұзақтай
көшкен керуен.
Толқындай жырларыңды
тасыта бер,
Теңіздің жағасында өскен
жеңгем.

Айбану Қалиева:


Көптен күткен ұлы той
секілденіп,
Келіп қалыппыз айтыстың да
финалына.
Сәлем бердім баршаға
басымды иіп,
Күмән жоқ мықтыларды
жиғанына.
Аты зор, ақ қайным ау,
аманбысың?
Берік жiгiт өзің ең иманына.
Шиелідей шаһардың елі
аман ба,
Жаңа әкімің жақсыларды
жинады ма?
Әлiде үйрене алмай жүрмісің
сен,
Карантиндік талаптың тыйғанына.

Тәуелсіздік қадірін түсіндірді,
Тәуелді боп санаға
құйғанына.
Көп созбай кезек берем мен
өзіңе,
Ақтара бер соткаңа
сыйғанына.
Шабытты тұншықтырма
көсіле бер,
Қорек болар сөз керек миға
мына.

Шыңғыс Құдайберген:
Ақ жеңгем аламанға шындап
шықты,
Бірақ та толтырмадың жыр
қапшықты
Аралда құрғақшылық болған
еді,
Сөзіңіз одан бетер құрғақ
шықты.
Айтыстың қыздырыңыз
аламанын
Әйтпесе келе қоймас маған
әлің.
Мен өзіңе бір сұрақ
жасырайын,
Сенің де осы болса
қалағаның.
Алаш деп математик бабам
өткен
Біліммен сусындатқан бала
нәрін.
Орыстармен жер дауы
болған кезде
Байқатқан қадалғаннан қан
аларын.
Орыс шенеуніктердің ауызын
жауып,
Шаңғытқан шешендікпен жау
алаңын.
Бұл қазақ Тәуелсіз ел болса
екен деп
Жасапты тірісінде бар
амалын.
Ұрпақтың ертеңі үшін қайғы
жұтқан,
Баһадүр менің батыр
бабаларым.
Жеңеше, салмақ сап көр
санаңызға
Көрейік сенде қандай шама
барын.
Журналистің келіншегі
білемісің,
Қазақтың қайсар мінез қара
нарын?

Айбану Қалиева:
Сөз құрғақ, жер құрғақ деп
не деп кетті?
Таяз ой тайғанатар демек
тiптi.
Есептi әдебиеттен сұрап
отсың,
Ұстазсың бiлiм қамын жемек
мықты.
Еске алсам мақтаныштан
марқаямын,
Кiм бiлмейдi Әлімхан
Ермековтi.
Алаштың кезiндегi жетекші
ұлы
Қазақтайын кемеңгер елден
шықты.

Сұрақты қояр болсам
төтесінен,
Боп отсың әдебиетшім
көсемсiген.
Бүгінгінің батырын тауып
көрші
Жарылыстан қайтпаған есен
түген.
Елiмдi құтқарам деп өрт
тажалдан
Ажалдыда жоқ еді бөтенсiген.
21-де көз жұмды елiм үшін
Жалғыз ұлды айырдық
шешесінен.
Екі-ақ ай еңбек етіп мерт боп
кетті,
Ұлықтап сұрайыншы мен де
сенен.
Оқулыққа енсе екен ер есімі,
Шығармайтын жас ұрпақ енді
есiнен.
Жүректерді жаңғыртсын аты
мәңгі,
Орын берiп қана қоймай жер
төсінен.

Шыңғыс Құдайберген:
Көпшілік ескерсе екен ол
датыңды
Жеңеше, қозғадың ба зорға
ақылды.
Бейбіт күнде мерт болған
сарбаздар көп,
Жолбарыстай қапыда жолда
атылды.
Екі жылда қос бірдей
жарылыс боп,
Ел-жұртымның көзіне көл
қатырды.
Таразымды өткенде
теңселткен ед(і),
Арыстан әкелінген бомба
түрлі.
Әлі де естен бұл қазақ
шығарған жоқ,
Әліби Кеңес деген өр
батырды.
Қазағым азат күнде терген
гүлін,
Менің де ауырлайды елмен
жүгім.
Даламда тек тыныштық
орнаса екен,
Сұм соғыс сұратпасын ерден
құнын.
Әйтпесе қайғы жұтқан
көршілер көп,
Туысын тауып жатқан көрден
бүгін.
Тәліптер қан сасытып елін
қырып,
Естідік еркін елдің өлген
мыңын.
Қазағым әрқашанда аман
болсын,
Татулық орын алсын төрден
бүгін.
Алашыма жаратқан бермесе
екен,
Ауғандардың кешегі көрген
күнін.
Жеңеше, мұң көрмейін
жанарыңнан,
Қар жаумасын ешқашан
қабағыңнан.

Ендеше бұл айтысты
аяқтайық,
Тау тұрғыз бойға біткен
талабыңнан.
Отбасың-ошақ қасың аман
болсын,
Отты жырлар тусын тек
қаламыңнан.
Бұйырса қазақ санын көбейте
бер,
Жеңеше, бала саулап
балағыңнан.

Айбану Қалиева:
Қос жарылыс қосауыз
секілденіп,
Қиратты да, күйреттi
жанымызды.
Осы сәтте көрсетіп
қойғандаймыз,
Қаншалықты шамамыз
барымызды.
Апат айтып келмес деп отыра
бермей,
Жаңалау керек пе ед
оқ-дәрiмiздi.
Санаққа сан қосылар деп
жүргенде,
Не болар бұлай қырса
бәріміздi?
Егемендік елiме енгенiмен,
Кiм түсінер үркіген халiмiздi?
Бірақ та бiз, қазақтар, қайсар
елмiз,
Бала деп жасайтын бар
қамымызды.
Қиындықты еңсерер ерлер
туар.
Қыздарым бұзбаса егер
қанымызды.
Өзге ұлтқа кетпесе екен қара
көздер,
Таптап бiздiң аналық
арымызды.
Ұсақталмай жастарым
жалындасын,
Солар ғой жағар ертең
шамымызды.
Журналистiң жазары
таусылмасын,
Жақсылықта әрдайым хал
сұрасын.
Қуанышты хабарлар
көбейсiншi,
“Ақмешіт жастары” оны
жаршыласын.
Қазақ деген тарихты
қозғағанда,
Қаламыңнан қан мен тер
тамшыласын.
Әр алған сұхбатыңда сұйық
сөзсіз,
Жазарың тау суындай
сарқылмасын.
Ақ қайным, қоштасайық сен
де аман бол,
Көңілiң көкте күндей
жарқылдасын.
Саналы ұрпақ өсір, ақ тiлегiм,
Пиғылыңды бiр Аллам тар
қылмасын.
Қызылордам көркейіп күннен
күнге,
Саяңда келген қонақ
салқындасын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!