Фото: ТЖМ

KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы Қарғалы өзеніне екі адам батып кетті. Оның бірі медициналық университеттің студенті.

Ақтөбе қаласындағы өзенге екі адамның суға батып кеткені жайлы ақпарат 112 құтқару қызметіне түскен. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2003 жылғы ақтөбелік тыйым салынған аумаққа шомалған. Оның денесін құтқарушылар жағаға алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша қайтыс болған жігіт М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеттің студенті.

«Екінші адамды судан іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Олар Красная поляна бау-бақша ұжымы аумағындағы өзенге шомылған.

Айта кетейік, кеше Ақтөбе қаласында 17 жастағы бозбала суға батып кетті. Ол – биыл ғана мектеп бітірген түлек. 

Жалпы биыл суға шомылу маусымы басталғалы бері Ақтөбе қаласында 4 адам суға батып кетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!