фото: gov.kz
Бақша дақылдарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығы саласының маңызды бағыттарының бірі. Халықтың күнделікті тұтынатын өнімдері ретінде көкөніс пен бақша дақылдарына қойылатын талап жоғары. Осы ретте карантиндік бақылау фитосанитариялық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі құралы болып табылады.
Карантиндік бақылаудың мақсаты – зиянды организмдердің таралуына жол бермеу және олардың ошақтарын дер кезінде анықтау. Бұл үшін алқаптарда тұрақты мониторинг жүргізіліп, анықталған жағдайда тиісті өңдеу және залалсыздандыру шаралары қолға алынады. Сонымен қатар, өнімді сақтау мен тасымалдау кезінде де белгіленген талаптардың сақталуы қадағаланады.
Аталған жұмыстармен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шаралары бойынша кеңестер беріледі. Нәтижесінде карантиндік бақылау жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұтынушыларға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынуға мүмкіндік береді.
Оңдасынов Бексұлтан Ғаниұлы,
ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы
Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!