фото: Алматы әкімдігі
Қазгидромет 19 сәуірге Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Алматы қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы кей сәттерде 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман болады. Шығыс және таулы өңірлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде және тау бөктерінде ауа температурасы 3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Қонаев қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде тұман болады.
Маңғыстау облысында күндіз оңтүстік, батыс және орталық аймақтарда жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда да шаңды дауыл соғып, жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік бөлігінде тұман болады. Күндіз оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында күндіз оңтүстік және орталық аймақтарда жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысында түнде және таңертең батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда тұман болады. Солтүстік бөлігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда да жел осы деңгейде болады.
Атырау облысында күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с. Атырау қаласында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болып, жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай және тұман болады. Жел 15–20 м/с. Түнде солтүстік және таулы өңірлерде ауа температурасы 2°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 15–20 м/с. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болады.
Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыс аймақтарда тұман болады.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыс аймақтарда тұман түседі.
Жетісу облысында күндіз оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең тауда тұман түседі. Алакөл маңында жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік, батыс және орталық бөліктерінде ауа температурасы 3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Талдықорған қаласында түнде ауа температурасы 1–3°С үсік болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс пен оңтүстік аймақтарда тұман болады. Жел 15–20 м/с. Петропавл қаласында да жел осы деңгейде күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батыс және солтүстік бөліктерінде найзағай болады. Күндіз жел 15–20 м/с. Орал қаласында да күндіз найзағай күтіледі.
Бұдан бұрын синоптиктер 17 сәуірде еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!