Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтар тұтынатын мобильді трафик туралы айтты. Оның пікірінше, ел тұрғындары интернетті «саналы» пайдалануды үйренуі керек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Егер 25 ГБ жетпесе, онда адам интернетті қаншалықты көп қолданатыны туралы ойлануы керек шығар… Бәлкім ол өзіне қажет болғаннан да көп қолданатын шығар. Өйткені 25 ГБ – бұл әлеуметтік желілерде отыру мен ақпаратты шолу үшін өте үлкен көлем және 25 ГБ пайдалану керемет пайдалы деп айтуға болмайды. Сондықтан мен жоғарыда айтқанымдай, егер сегіз сағат жұмыс істейтін қарапайым тұрғын болса, шын мәнінде осыншама интернет қолданбайды», – деді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, адам үйінде Wi-Fi желісіне қосылып, жұмыс уақытында жұмыс істеуі керек.

«Интернет гигиенасы да өзекті мәселе. Бірақ мен операторлардың тарифтерді осылай бөлуін жақтамаймын. Еліміздегі тұрғындардың мобильді интернетті саналы түрде пайдалануды үйренуін қолдаймын. Әлеуметтік желілерді қолдану пайдалы болуы да, зиян келтіруі де мүмкін. Адам өзі үшін әлеуметтік желілерге кіруін бақылауы керек», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!