«Жақсықылыш кенті әкімінің аппаратында» 18-27 жастағы ер балаларды әскери борышын өтеуге шақыру мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа Арал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» маманы Н.Серікбаев пен Жақсықылыш кентінің әскери есеп бойынша маманы С. Бекмұрзин қатысты.
Жиналыс барысында С.Бекмұрзин әскери қызметті өтеу парыз екенін ескерте отырып, шақыру қағазы келген жағдайда талап етілген орынға келмесе, ҚР заңнамасына сәйкес 648, 387 баптар бойынша жауапқа тартылатынын айтты. Жиналыс соңында Н.Серікбаев жастармен сөйлесе келе, оларға Отанды қорғауға кез келген дені сау азаматтың қабілетті екенін, әр ер азаматтың өз елінің патриоты болып, Отанды қорғауды ‒ перзенттік борышым деп түсіну қажет екенін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!