Фото: Kazinform

KAZINFORM – Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 24 сәуірде Макинск қаласының медициналық мекемесіне 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жеткізілген.

— Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысты жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ведомстводан.


Полиция қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері кешені жүргізіліп жатқанын айтты.

-Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!