BAQ.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2030 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын растады.

Әлеуметтік желіде оқырмандарымен сұхбат барысында спортшыдан келесі Олимпиадаға дайындалуды жоспарлап отырғаны жөнінде сұрақ қойылды.

Иә, әрине. Мен бар күш-жігерімді салып жаттығамын және осы мақсатқа толықтай ден қоямын, – деп жауап берді Шайдоров.

Михаил Шайдоров 2030 жылғы Олимпиадаға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Осылайша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы кем дегенде келесі олимпиадалық цикл аяқталғанға дейін спорттық мансабын жалғастыруды көздеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!