Бүгін АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан U20 санатындағы әлем чемпионаты басталады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы бақ сынайды. Құрамаға мына спортшылар енді:

  • Максим Сажнев (диск лақтыру)
  • Шерхан Егізбай (5000 метрге спорттық жүріс)
  • Егорь Струков (5000 метрге спорттық жүріс)
  • Глеб Гладилов (үш қарғып секіру)
  • Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
  • Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
  • Маргарита Стороженко (5000 метрге спорттық жүріс)
  • Анна Черкашина (сырықпен секіру)
  • Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
  • Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
  • Софья Киденко (400 метрге жүгіру)

Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1800-ден аса жеңіл атлет қатысады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!