Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қауіпті әрекет жасаған жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жеңіл көлік қозғалысы кезінде жолаушы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, денесін көліктің терезесінен сыртқа шығарғаны көрінеді.
«Бұл әрекет өзінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген», – дейді полицияда.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды жедел анықтады. Chevrolet Cobalt автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жазаланды. Сондай-ақ қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Полиция видео немесе фото түсіруге деген ұмтылыс қауіпті әрекеттерге себеп болмауы тиіс екенін ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
