Ақтөбеде екі әйел 19-қабаттан секіріп кетті. Aktobe times жазғандай, тұрғындар түнгі бір шамасында қатты дыбыс шыққанын естіген. Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік полиция екі әйелдің денесін тапты. Олардың біреуі 31, екіншісі 56 жаста екені анықталды. Сол түні тағы бір қыздың 9-шы қабаттан секіргені белгілі болды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жуық арада оқиғаға түсінік беретінін мәлімдеді.

JQ-Aqparat

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!