Төбелес. Көрнекі фото: Рexels.com

Ақтөбе облысының Алға қаласында бір топ бала жасөспірімді қатты соққыға жықты. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды «ҚР ІІМ жаңалықтарының» Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, 28 сәуір күні құқық қорғаушылар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген. Тексеру кезінде бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан видео анықталған. «Полиция қызметкерлері видеоны тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оны себепсіз ұрып-соққаны анықталды», – делінген хабарламада. Оқиғаға қатысушылар анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілген, онда олармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілгені айтылған. «Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды», – дейді полиция өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!