Фото: dzen.ru

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен мал иелеріне 215,7 млн теңге өтемақы төленді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлді. Бәрінің көзі жойылды.

«Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 1202 бас малға 215,7 млн теңге төленді», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмысты жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!