23 мамыр күні Ақтөбеде Тургенев көшесіндегі қоқыс салатын жәшіктердің бірінен пакетте оралған нәресте табылды. Сәбиді өткен-кеткен адамдардың бірі байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Адамдар сәбидің жылап жатқан даусын естіп қалған. Олар пакеттегі баланы тауып, қоқыс жәшігінен алып шықты. Куәгерлер полиция шақырған. Кейін бала табылған мекенжайға жедел жәрдем қызметкерлері келді.

“Сәби дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полциясы.

Қазір полиция баланың анасын анықтап жатыр, сондай-ақ нәрестенің не себепті қоқыс жәшігіне тасталғаны тексеріліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!