Біздер соңғы күндері ғұмыр тарихымызда бұрын-соңды болмаған қиын кезеңдерді бастан өткерудеміз. Алатаудай алып кеуделі халықты алатайдай аражікке бөлу, аңғал жұртты айла-шарғыларымен арандату, мемлекетке барынша зиян келтіру секілді сұмпайы мүдделері болған террорлық топтардың кесірінен қанша отбасы қара жамылып, қанша шаңырақ үрей құшағында қалды…

Елімізді осы қиындықтан да Мемлекет басшысының, сұңғыла саясаткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ізгі бастамалары мен халық игілігі үшін қабылдаған ақылды шешімдері алып шықты!

Ендігі жерде “өткенге – салауат, келешекке – үміт” дей келетін дана халқымыздың парасатты қағидатына сүйеніп, болашағымыздың баянды болуы үшін барлық білім-білігін арнап жатқан Президентіміздің байырқалы бастамаларын ел болып тұтасып, қолдауымыз керек.

Аза тұтып отырған ағайынға сабыр тілеймін! Халқымыздың амандығы, еліміздің тыныштығы – ең ұлы құндылығымыз! Сол құндылықтарымызға ешқашан сызат түспесін! Туымыз тұғырынан ешқашан түспесін!

Ақзира Қасымова,

Облыстық білім басқармасының басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!