Атырауда эстрада жұлдыздарының гала-концерті өткен.

Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды polisia.kz.

Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуірде өткен.

Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полиция қызметкерлеріне бала жоғалды деген дерекпен 170-тен аса шағым келіп түскен. Оның 125-і жасөспірім – 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.

Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.

Фото: Видеодан алынған кадр

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!