SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Атырау – Ақтөбе» бағытындағы №691/692 жолаушылар пойызында ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 13 шілде күні пойыз Қандыағаш – Ақтөбе теміржол учаскесінде келе жатқанда орын алған. Тексеріс барысында қаза тапқан азаматтың пойызда ешқандай жол жүру билетінсіз сапарлап бара жатқаны анықталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ресми тергеу амалдары басталды.

«Атырау – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында адамның кенеттен қайтыс болуы дерегі бойынша Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала қойылған диагноз — екіжақты пневмония. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!