Бүгін, 20 шілдеде сағат 02:40-та Қырғызстанда қарқындылығы 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 193 шақырым жерде орналасқан. Қазақстандағы Android смартфондарының иелері жергілікті уақыт бойынша сағат 01:41-де Google-дан автоматты ескерту алды. Қырғызстан мамандарының мәліметінше, жерасты дүмпулері Оттук ауылынан 5 шақырым және Нарын қаласынан 31 шақырым жерде тіркелген. Елді мекендердегі жер сілкінісінің қарқындылығы:

Оттук, Казан-Куйган ауылдарында – шамамен 5 балл;
Джерге-Тал, Кызыл-Жылдыз, Эчки-Баши, Эмгекчил ауылдарында – 4 балл;
Куйбышева, Шоро, 8 Марта, Ак-Талаа, Достук, Джан-Булак, Мин-Булак, Джалгыз-Терек, Орто-Саз, Ак-Кыя, Орто-Нура, Кенеш ауылдарында – 3,5 балл;
Нарын қаласында – 3 балл.

Екі елдегі ықтимал қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет нақтыланып жатыр. Тұрғындарға сабыр сақтап, тек төтенше жағдайлар қызметтерінің хабарламаларына сүйену ұсынылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!