Баланың күлкісінде бақыттың үні бар. Жүзіндегі жымиыс жүректі жылытатыны тағы рас. Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері әдемі үрдісті үзбей, кішкентайларды қуантуды жөн санады. Яғни, орталық алаңға барып, балаларға тәтті балмұздақ пен түрлі ойыншық таратты. Ата-аналар да дән риза болып, алғыстарын білдірді.
– Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры. Бар махаббат пен мейірімге бөлейтініміз де сондықтан. Бүгінгі мерекеде бүлдіршіндердің қуанышына себепкер болсақ деп ниеттендік. Біз үшін ең бастысы – балалардың бақытты балалық шағы. Сол себепті олардың көңіл күйін көтеруге бағытталған игі шараларға атсалысуға әзірміз, – дейді мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.
З.Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!