«Қызылорда ОПД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысына»

        Отбасы – шағын мемлекет, тәрбие бастауы. Бала ұяда көргенің ұшқанда ілетін ескерсек,балаға ата-ананың берері де үйретері де көп. Бес жасқа дейін патшадай сыйлап,он бес жастан кейін досыңдай сырласуды өсиет еткен бабаларымыз отбасындағы тәрбиеге үлкен көңіл бөлгені әмбеге аян. Жасөспірімдер – балқып тұрған қорғасын іспеттес. Қалай қарай исең, солай қарай қалыптасады,бағытталады. Жаман әдетке бой алдырғанын жастық  желіктен, албырттықпен сезбей қалып жатады. Нашарқорлыққа, есірткіге әуестік көбінесе жастар арасында орын алатыны сондықтан. Баланың немен шұғылданатының , бос уақытын қалай, кіммен өткізетін ата-ана назарынан тыс қалдыруына әсте болмайды. «Әр адамның дүниеге кірпіш болып қалана алатынын ұқтыру,көкірегіне сенім ұялату-ең алдымен біздің,ата-ананың, одан қала бере жан-жағындағы достарының міндеті. «Спорт-денсаулық кепілі » деп жатамыз, салауатты өмір салтын ұстанған адамның зиянды әрекетке ешқашан ұрынбайтыны сөзсіз. Сондықтан,  балаларымызды спорттың әр түріне қатыстыру керек. Қарсылығымыз плакат ұстап көшеге шығумен, ұранмен шектелмек емес. Елін сүйетін, ұлттық құндылықтырымызды қастерлей білетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді білім ошақтарына ғана артып қоймай, өз үлесімізді қосуға әрдайым ниетті болайық! «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» халық даналығы, өте орынды айтылған. Себебі, қоғам байлығы – адам болса, адам байлығы – денсаулық.  Сол үшінде өмірді даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата – бабаларымыз  «Ақ жаулық» пен «он саулықтан» бұрын денсаулықты дәріптеген. Олардың мұраты – тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағына негізделген қоғамда өмір сүру еді. Алайда ата – бабаның мұратын жүзеге асыратын кейбір жастар нашақордың соңынан еріп бара жатыр. Есірткіні әдетте қызығушылықтан немесе жаңа әсер алу үшін қолданады. Есірткіні ішінара «компания үшін», көпшілік ішінде «ақ қарға» болмау үшін тартып көреді.

    Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемалардан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан бөлінуге тырысады. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық – зомбылық жасауға апарып  соқтыруда. Әлеуметтік құрылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді.

Біздің отбасында балаларымыз спорт түрлерімен айналысады, әкеміз шылым, ішімдік сияқты зиянды әдеттерге әуестенбейді, анамыз бала тәрбиесінде жаңылыспаған керемет жан, отбасымыздың құндылығын мақтанышпен айта аламыз. Қазақ елі, жастар, гүлденген Қазақ елінің келешегін есірткімен уламайық, өз өмірімізді қор қылмайық, өзімізді құрметтей білейік, денсаулығымызды өз қолымызбен құртпайық! Отбасымыздың атынан барлығыңызды Салауатты өмір сүруге  шақырамыз!!!

Қызылорда облысы   Қармақшы ауданы

С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі

Әбен Жауқазынның отбасы

#есірткігеқарсы

#противнаркотиков                                    

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!