Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Аида Балаева туралы не белгілі?

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Ол бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:

  • 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
  • 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
  • 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
  • 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
  • 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
  • 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
  • 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
  • 2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.
  • 2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі.
  • 2025 жылы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!