Құрылтайда журналистерге депутаттарға парламент дәлізінде сұрақ қоюға тыйым салынды. Енді БАҚ өкілдері депутаттарға тек баспасөз орталығында және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ғана сұрақ қоя алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы журналистерге Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, депутаттар БАҚ алдына арнайы кесте бойынша шығады.
«Депутаттар кесте бойынша шығады. Сіздерде депутаттарға тек баспасөз орталығында ғана сұрақ қою мүмкіндігі бар. Бүгін депутаттар шықпайды», – деді Кальянбеков.
Оның сөзінше, мұндай тәртіп «Масс-медиа туралы» заңға және қолданыстағы аккредиттеу ережелеріне сәйкес енгізілген.
Осылайша, журналистердің депутаттарға отырыс арасында дәлізде жолығып, жедел сұрақ қою мүмкіндігі шектелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
