Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Аудандық жастар ресурстық орталығының «BIRGEMIZ UMIT» жобасының еріктілері бірлесіп түрлі іс-шараларды атқаруда.

Атап айтқанда ағымдағы жылдың 27-28 қазанында олар аудандағы №31, №123, №201, №202, №246 орта мектептердің бастауыш сыныптарының дәліздеріне «Сіріңке балаларға ойыншық емес!», «Өрт кезіндегі іс-қимыл туралы балаларға арналған жадынама», «Өз өміріңізді сақтаңыз!» атты шағын биллбордтар орнатты.

Жалағаш ауданы ТЖБ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!