Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары заңсыз контент жариялаған топтарды бұғаттады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қадағалау органы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер арасындағы суицидті насихаттау және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті таратылған топтарды анықтаған.

«POZOR PETRO Telegram арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазбалар, сондай-ақ, сексуалдық сипаттағы видеолар жарияланған. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралар нәтижесінде бұл топтар бұғатталды», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс прокуратурасы заңсыз контенті бар 205 интернет ресурсты бұғаттаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!