Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ФИФА рейтингіндегі орындар ұлттық құрамалардың ресми және жолдастық матчтардағы нәтижелеріне қарай есептеледі. Жаңартылған тізімге сәйкес, Қазақстан құрамасы 1180,78 ұпаймен 111-орнын сақтап қалды.
Наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Намибияны 2:0, ал Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңген болатын.
Ал маусым айында ұлттық құрама екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Армениямен 1:1 есебімен тең түссе, кейін Венгриядан 1:3 есебімен жеңілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
