SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзінің өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырғанын жариялады.
Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, соңғы уақытта өмірге деген көзқарасы едәуір өзгергенін айтты. Оның сөзінше, бұрын ашуға жиі берілсе, қазір сабыр сақтаудың маңызын терең түсінген.
«Бұрын көп ашуланатын едім. Қазір ақыл қонды. Ашушаңдықтың ақымақтық екенін жақсы түсіндім. Жалпы табиғатымда сабырлық бар, тек өмірдің өзі ашуландырған сәттері болды. Қазір ашуланып тұрған адамға басқаша қараймын. Бірақ жұмысқа келгенде бұл философия уақытша тоқтайды», – деп жазды актриса.
Сонымен қатар Дариға Бадықова өзі туралы деректі фильм түсіруге кірісетінін айтып, осы жобаға қатысуға ниетті құжатты кино түсірумен айналысатын мамандарға үндеу жолдады.
«Жаңалық. Өзім жайында деректі фильм түсіремін. Менімен бірге жұмыс істегісі келетін документалистерді шақырамын. Шетелге шыққанның пайдасы – жаңа идеялардың келуі», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова соттағы дауларымен де көпшілік назарында болған еді. Енді актриса көрерменге өз өмірі мен шығармашылық жолын деректі фильм арқылы таныстыруды көздеп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
