Сауда министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасына тағы бір дәлелдер топтамасын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК теларнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы қаулы жобасы өткен аптада жарияланған болатын. Жаңа қаулыда бүкіл ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуін енгізу ұсынылған. Сарапшылар уақыт белдеуін өзгерту суицид пен қатерлі ісік санын азайтуға, сондай-ақ адамдардың көңіл-күйін жақсартуға көмектесетінін айтады.
Алайда бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды: бір топ сауда министрлігінің ұсынысын қолдаса, енді бірі үзілді-кесілді қарсы. Ал ғалымдардың пікірінше, бұл мәселені дауыс беру арқылы шешуге болмайтынын айтады.
“Уақыт белдеуі мәселесі біздің қалауымыздан гөрі, ғылымға қатысты мәселе. Сондықтан бұл мәселені дауыс беру арқылы шешуге болмайды. Біз дәрі-дәрмек, екпе мәселесін референдумға қойған жоқпыз ғой”, – деді хронобиология сарапшысы Болат Нұрқожаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!