BAQ.KZ. Алматы облысында TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзатын бейнежазба жариялаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, тексеру барысында бейнероликтің авторы Алматы облысының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан екені анықталды.
Сот шешімімен құқық бұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді ақпараттық кеңістік екенін еске салып, цифрлық ортадағы әрбір жарияланым мен пайдаланушылардың әрекеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында бағаланатынын мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, интернет кеңістігінде мәдениетті қарым-қатынас ұстанып, заң талаптарын бұзбауға шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
