Smartnews.kz. Әлеуметтік желіде жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза тапқаннан кейінгі жолдасы Әділет Зейнелдің үйлену тойынан кадрлар тарады. Ер адамның шамамен сегіз айдан кейін қайта шаңырақ көтергені туралы ақпарат желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбаларда айтылғанымен, ер адамның жаңа некесіне қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
Жаңалық қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірқатар қазақстандықтар Әділет Зейнелге түсіністік танытып, оның өмірін жалғастыруға және жаңа отбасы құруға құқығы бар екенін жазды. Кейбір қолданушылар адамның жеке жағдайын білмей тұрып оны айыптамауға шақырды.
«Әр адам қайғыны әртүрлі өткереді. Жаңа неке адамның марқұм жарына деген құрметін жоққа шығармайды», – деген пікірлер айтылды.
Алайда кейбір желі қолданушылары Ұлдананың қайтыс болғанына көп уақыт өтпегенін атап өтті. Олар той дайындығы әдетте алдын ала басталатынын айтып, түрлі болжам жасаған. Дегенмен бұл пікірлердің ешқайсысы ресми түрде расталмаған.
Желіде тағы бір қолданушы мынадай пікір қалдырды:
«Ұлдананың қырқы өтпей жатып та сөйлесіп жүрген екен. Және мына қыз бұл ұзату тойда екіқабат, ішіндегі баласы 2 айлық. Сол себепті тойды тез жасап жатыр. Қыз бұған дейін де 2-3 жігітпен болған. Және мына Әділет Ұлдана қайтыс болған кезде әкімдік берген 20 млн және Ұлдана өзі алған Changan автокөлігін иемденіп алған. Ұлдананың әке-шешесіне ешқандай бір тиын бермей, барлығын өз қалтасына басып алған өтірік қайғырып», – деп жазды ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
