Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылы 255 аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жалпы көлемі 24,1 млрд теңгеге қаржы бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бюджет және басқа да заңнама бұзушылықтардың жалпы сомасы 17,9 млрд теңгені құрады немесе 74,3% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 6,1 млрд теңге немесе 25,3%.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 8,9 млрд теңге. Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 6,4 млрд және бюджетке өтелгені 2 млрд теңге.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қорытындыға әсер ететіні 2,1 млрд теңге. Ал қалған 4 млрд теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейді. Сонымен қатар, жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 6,7 млрд теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын 91% үлес көрсеткішін құрайды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 336 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 31 млн теңгені құрап, оның ішінен 30,3 млн теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2021 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 9,3 млрд теңге сомасына сәйкес 23 мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдары 6 аудит материалдары бойынша қылмыстық іс қозғап, сот органдарына жолдады.

Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде 291 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауаркершілікке тартылды.

Өткен кезең ішінде департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және оған жол бермеуге бағытталған 79 іс-шаралар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында департаменттің аудиторлық қызметінің көрсеткіштері бойынша 60 мақала мен жарияланымдар жарияланды.

Қызылорда облысы бойынша ішкі

 мемлекеттік аудит департаментінің

Жоспарлау, талдау, есептілік

және сапаны бақылау бөлімі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!