Сапалы һәм саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – бүгінгі қоғам талабы. «Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт болып табылады. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді материалдық жағынан қалай қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімсіз көтеру мүмкін емес» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі бір буынның біліміне, қандай тұлғалар шығатынына ұстаздың тікелей әсері барын бағамдайды.

 Осы орайда орта білім беру са­ласы бо­йын­ша жыл санап жаңа өз­герістер енгізі­ліп, жоспарлы түрде іске асуда. Мұғалім мәр­тебесін мем­лекет абыройы санау керектігін алға тартып қабылданған «Педагог мәр­тебесі туралы» Заң маңызы мол, жауапкершілігі жоғары маман­дық­тың қоғамда лайықты орнын ие­леніп, ұстаздар қауымы ең­бек – ақысының өсуіне әсер ет­кенін мойын­дау керек. 1 қаңтардан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғайды.

Сонымен бірге мектептерде бағалау жүйесі өзгеріп, білім бе­ру бағдарламасы жаңартылды. Ин­клюзивті білім беру үрдісі да­мудың жаңа жолына түсіп, ар­найы меке­мелерден бөлек әр мектепте жаб­дықт­алған ин­клю­­зивті кабинеттер ашылды. Соңғы үндеуінде Мем­ле­кет басшысы ұс­таздар жетіспеушілігі сезілетін өңірлер үшін тиісті қолдау шараларын қолға алып, әр аймаққа озық кадр тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Аталған тапсырма бойынша білім беру саласында жаңа жетістіктер ғана бой көрсететіне сеніп, кез келген өзгеріске бейімделуді басты мақсат етеміз. Болашақ білімді ұрпақтың қолында.

Раушан СҮНДЕТОВА,

Ж.Нұрсейітов атындағы №233 мектептің мұғалімі